Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үштаған ауылындағы кездесу

05.05.2014 3616 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау ауданына қарасты Үштаған ауыл тұрғындарымен 4 мамыр күні ауылдық мәдениет үйінде кездесіп, асыл дініміз жайында уағыз айтты. Өкіл имам уағызын тыңдау үшін ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары келді. Уағыз тақырыбы «Имандылық асыл қасиет» жайында өрбіді. Уағыз барысында жастарға ата-ананы қадірлеу, ішімдік сынды жат қылықтардан аулақ болу, күнәлі істен бойларын алыс ұстауларын айтып өтті.

Үштаған ауыл ақсақалдары өкіл имамға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып жатты. Асыл дініміздің баға жетпес құндылықтарын насихаттаған өкіл имамға ауыл ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп алғыстарын айтып тарқасты. 

 

 Маңғыстау облыстық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру