Сәуірдің 4 күні Жұмыскер ауылдық округі «Әт-Тақуа» мешітінің Бас имамы Тілеуов Өсімхан Аманбайұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Шараға арнайы ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансуров Батыржан қажы Берденұлы, Атырау облысы Дін істер басқармасының басшысы Еркінбек Керімбекұлы, Жұмыскер ауылдық округінің әкімі Хабиев Қайрат Тауфиқұлы, шейх Мұхаммед Жамалуддин Хашим және ауыл ақсақалдары қатысты.
Алғашқы болып сөз алғандардың бірі облыстың өкіл имамы Батыржан Берденұлы: «Бір күні Пайғамбарымыздан: «Уа, Алланың елшісі, садақаның қайсысы жақсы?» - деп сұрағанда Ардақты Елші: «Пақырдың жомарттығы» -деген екен». Сол секілді қазіргі таңда адам баласына ең қажеттісі көңіл байлығы – деді бас имам.
Жәрмеңкеге жамағаттың әйелдер қауымы барлық күш-жігерлерін салып нан-тоқаш өнімдері, тәтті тағамдар, киім-кешектер, қолөнер бұйымдары дайындалып, келушілерге сатылды. Саудадан түскен қаражат мешіт жанындағы қайырымдылық іс-шаралар мен мешіт шығындарына жұмсалынбақ.
Аталмыш шара қаланың басқа да мешіттерінде өз жалғасын табады.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2014
3582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру