Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ибалылардың имандылық дәрісі

04.05.2014 3943 0 пікір

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» медресесі жанындағы қыздар бөлімінде 4 айлық сауат ашу курсы аяқталды. Осыған байланысты, өткізілген сынақтан жақсы нәтиже көрсеткен 12 қызға, Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Данияр қары арнайы сертификат табыстады.

Өкіл имам ілім алудың артықшылықтары мен исламдағы ер мен әйелдің орны және ұлтымыз әйелдерді жоғары бағалайтынын айтып, «Олар- өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі»-деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Сол үшін қыздарымыз ақылына көркі сай иманды, инабатты болуы керек екенін айта кетті.

Жыл айналып келген Ережеп айында ауызға алып, Ережеп айы исламдағы ұлық айлардың бірі екендігін тілге тиек етіп, Қасиетті Құран Кәрімде: «Тегінде, аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла тағала айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (зул-қағда, зул-хижжа, мухаррам, ражәб) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар» (Тәубе сүресі, 36-аят)-деп келетінін жеткізді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру