ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансуров Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен жас өрендердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында сәуір айының 30-шы жұлдызы күні Авангард ықшам ауданы 4, №1 ОРБЖСМ-де таеквондо мен фудболдан жарыс өтті. Оған арнайы Атырау облысы Дін істер басқармасының басшысы Еркінбек Керімбекұлы, бапкерлер, төрешілер, спорт сүйер қауым қатысты.
Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе. Әсіресе дене шынықтыру мен бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру – жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтып, темекі шегу, нашақорлық т.б. бірнеше проблемалардан құтылудың бірден-бір жолы. Сондай-ақ асыл дініміз Исламда жас ұрпақты білімді, иманды, мәдениетті, денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге ерекше мән берілген.
Жоғарыдағы аталмыш шараның салтанатты ашылу рәсімінде алғашқы болып сөз алған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Берденұлы спорттың діндегі жоғары орны мен елдің болашағы денсаулығы мықты ұрпақтың қолында екендігін баяндай келіп, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өкіл имам Атырау облыстық таеквондо (WTF) федерация президенті С.Ерубаевқа, Атырау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы А.Раушановқа, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Б.Төребаев пен Қ.Мухитовқа т.б. ерекше алғысын білдірді.
«Шынығып, өсіп, толарсың», - демекші, спортты серік еткен жастардың арасында өте тартымды және қызықты өткен сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарылып, жеңімпаздар өкіл имам тарту еткен қаржылай сыйлықпен марапатталды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.05.2014
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру