Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айдағы қайырымдылық

04.05.2014 3496 0 пікір

Әз Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) өзінің мүбәрак хадисінде: «Ережеп - Алланың айы, шағбан - менің айым, рамазан - үмметімнің айы» - деген. Қасиетті Ережеп айы да есігін ашты. Дінбасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің биылғы жылы қайырымдылық шарасын, әр өңірлерде ұйымдастырылып, өткізілуіне көңіл бөлуде.

Семей өңірі бойынша өкіл имам Мақсат қажы Алтыбай мырзаның осы айтылған істердің  аудан көлемінде де қалтықсыз орындалуын аса назарда ұстауда.Осыған орай Ережеп айы басталысымен Аягөз ауданының бас имамы Маратхан қажы Мұхтарханұлы бастаған мешіт қызметкерлері қаладағы оннан астам жалғызбасты, тұрмысы төмен әрбір отбасыларға   азық – түлік таратылды.

Ата - бабаларымыз: «Атымтай жомарт» - деп, атағандай осындай қайырымдылық  ісіне мұрындық болып, өз тараптарынан көмек көрсеткен бірнеше кәсіпкерлерге, мешіт қызметкерлеріне Алла айындағы қайырымдылық шарасына разы болған кейуаналар: «Алла разы болсын» - деп, ақбатасымен алғыстарын білдірді.

 

Аягөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру