Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен мешіт имам молдаларды оқыту қолға алынған болатын. Осыған орай, 28 - сәуір мен 11 -мамыр аралығында ҚМДБ-ның Семей аймағына қарасты Төлеубекқажы мешітінде имам молдалардың біліктілігін арттыру екі апталық семинары басталды. Бүгінде Фиқһ, Ақида, Құран Кәрім және Тәжуид, Дін мен дәстүр, Мұсылманның сипаты, Пайғамбарлардың өмір баяны бойынша дәріс берілуде.
Екі апталық семинарға қатысып, білімін жетілдірген имам молдаларға арнайы оқығандығы жөнінде сертификат беріледі. Бұл халқымыздың дін жағынан кеңінен білімдар болып жүрулеріне, әрі кері тартпа ағымдардың үгітіне еріп кетпеулеріне көп септігін тигізетін жақсылығы зор болмақ.
Семинар күнделікті қалалық мешіттердің имамдары дәріс жүргізеді. Қос мұнаралы орталық мешітінің өкіл имамы Алтыбай Мақсат алғашқы дәріс өткізді.
Дініміз исламда білім алудың артықшылықтары өте көп. Оған дәлел Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең түсіндіріп қояды» - деген. Құлшылықтарымызды орындаумен қатар білімімізді жетілдіре түссек ислам дінінің гүлденуіне үлес қосарымыз анық.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.05.2014
3330
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру