Павлодар облысы, Павлодар ауданы әкімдігі, облыстық «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ және облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті бірлесіп ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы дәстүрлі діндердің рөлі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға мемлекеттік ұйымдар, діни бірлестіктер өкілдері, құқық қорғаушы орган қызметкерлері, Павлодар ауданына қарасты барлық мектептердің жалпы қоғамдық пән мұғалімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, Павлодар ауданының белсенді азаматтары қатысты.
Конференцияда Павлодар облысындағы діни ахуал жағдайы, дін саласындағы идеологиялық негіздер, Қазақстандағы діни дәстүрлердің тарихи бастаулары, зайырлы мемлекет тұрғысындағы діндер ахуалына байланысты еліміздің тәжірибесі қатарлы аса келелі тақырыптар қарастырылды.
Конференция жұмысын Павлодар ауданы әкімі Әбутәліп Нұрлан Қабыкенұлы үйлестіріп жүргізіп отырды. Конференцияда облыс әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Рақымжанов Ержан, Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Раздықова Гүлназ, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жапекова Гүлфайруз, Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Жамулдинов Виктор және облыстық православия діні шіркеуінің әкейі Алексий қатарлы көптеген адамдар баяндамалар оқып, сөз сөйлеп, талқыланған тақырыптарға орай кең көлемде ой-пікірлерін білдірді.
Аталмыш конференцияға ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың тапсырмасымен облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Манапбаев Нұржан «Біз дін мен дәстүрді даналықпен үйлестіре білген халықпыз» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамаға қатысты конференцияға қатысушылардан қойылған бірнеше сұрақтар мен сауалдарға наиб имам Нұржан Дәулеткелдіұлы нақты, тұщымды жауаптар берді.
Сонымен қатар, конференция барысында барлық қатысушыларға «Дін мәселелері бойынша заңнамалық негіздерді» топтастырған брошюралар және «Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз деструктивті ұйымдардың ықпалына тап болып, зардап шексе не істеу керектігін» көрсеткен әдістемелік ақыл-кеңестер жазылған әртүрлі бүктемелер үлестірілді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.05.2014
3388
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру