Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни сауат – жат ағымды ысырады...

30.04.2014 3433 0 пікір

Жергілікті халықты жат ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда,  Жезқазған қаласы «Қазақтелеком» ұжымының қызметкерлерімен және Гуманитарлық колледж студенттерімен  кездесулер өткізілді. Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің  бас маманы Айшагүл Жаппарбайқызы және Жезқазған аймақтық мешітінің өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы және наиб имам Төленов Дәулет Дүйсенбайұлы қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы уаһабилік, сәләфилік сынды жат ағымдарының алдын алу жолдары, олардың Ислам дінін жамылып жастарға тигізіп жатқан зияндығы жайында сөз қозғалды. Интернет желісінде де діни мағлұматтарды арнай Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының muftyat.kz сайтындағы «әріптестер» бөлімінде тіркелген сайттардан алуға шақырды. Дін мамандарының насихаттары барысында жиналғандар тарапынан «Джихат» жайлы, қыз балаларға орамал тағу мәселесі және алдағы қасиетті айлардағы ораза ұстау сынды сұрақтар қойылып, барлығына толық  жауаптары  берілді.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру