Бүгін «Нұр Астана» мешіті мен Астана қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіліп, қарт жауынгерлерге құрмет көрсетілді.
Дін істері басқармасының басшысы Жорабек Дәуренов кешегі сұрапыл соғыста оқ пен оттың ортасында жүрген жауынгер аталарымызға бүгінгі тәуелсіздіктің ақ таңында зор құрмет көрсетілу керек екендігін айтып, қарияларды алдағы келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Ал, «Нұр Астана» мешітінің өкілі, наиб имам Асхат Сәлімов қарияларға Алладан амандық-есендік тілеп, бүгінгі бейбіт заман үшін жанын пида еткен қайсар қариялар ел жадында мәңгіге сақталатынын жеткізді.
Қала әкімдігі мен Дін өкілдері бүгінгі бас қосуда қарттарға арнайы дайындаған сый-сияпаттарын беріп, дастарқан жайды. Ас соңында наиб имам Асхат Сәлімов сұрапыл соғыста қаза тапқан бабалар рухына бағыштап құран оқыды.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2014
3380
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру