29 сәуір күні Ақтау қаласында орналасқан №05994 әскери бөлімінде «Деструктивті ағымдардың зияны және оларды тану жолдары» атты кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков және Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының мамандары Нұрболат Көптілеев пен Ғабит Мүсірепов қатысып, тақырыпқа қатысты баяндама жасады. Аталмыш шара әскери бөлімнің офицерлік құрамымен өтті. Өкіл имам ел аумағындағы соның ішінде облыс көлеміндегі діни ахуалға тоқталып, теріс ағымдар және олардың дәстүрлі діннен айырмашылығы, ұстанымдары жайында баяндама жасады.
Офицерлер әлемде, соның ішінде еліміздегі діни ахуалға алаңдайтынын жасырмады. Осындай кездесулердің ұдайы болуы қажеттігін де айтып жатты. Өкіл имам офицерлердің көкейлерінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2014
3286
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру