Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Солтүстіктегі семинар аяқталды

30.04.2014 3321 0 пікір

Қызылжардағы семинар

Өңіріміздегі қала, аудан және ауыл имам-молдаларына арналған семинардың екінші күні теолог-исламтанушы Ершат Ағыбайұлының «Әбу Ханифа мәзһабы және қазақ салт-дәстүрі» тақырыбында дайындаған дәрісті слайд арқылы көрсетумен басталды. Бұл дәрістен имамдар көп мағлұмат алды.

Ал, ҚМДБ-ның мешіт істері жөніндегі меңгерушісі Ербол Сағиұлы имам-молдаларға ҚР-ның заңнамасына сай мешіттерді тіркеу, қайта тіркеуден өткізудің тәртібі туралы, жарғы, ереже, сенімхат жайлы түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Сондай-ақ, дін қызметкерлерімен арнайы кездесіп, елді-мекендердің діни ахуалымен танысу үшін семинарға облыс әкімі Самат Сапарбекұлы Ескендіров те келді. ҚМДБ өкілі Ербол Сағиұлы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізіп, Мүфти хазреттің берген тапсырмасының жүзеге асырылуының бірден-бір көрінісі ретінде осы өткізіліп жатқан семинарды атап өтіп, бұл игі шараның ұйымдастыруына ұйтқы болған облыс имамы Кенжетай қажы Байкемелұлына өз атынан ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, дінаралық, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Ербол Сағиұлы өңіріміздегі түрік, тәжік, қырғыз, ауған диаспораларының өкілдерімен облыстық мешітте дөңгелек үстел жасап, кездесу өткізді.

Түстен кейін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының 19 сессиясы өткізіліп, оған ҚМДБ-ның мешіт істері жөніндегі меңгерушісі Ербол Сағиұлы, облыс имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы және аудан имамдары қатысты. Сондай-ақ, сессияға басқа да дін мен конфессия өкілдері, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кешке ақшам намазынан кейін Ербол Сағиұлы аудан, ауыл имам-молдаларына уағыз айтты.

Қызылжарда өткен семинардың қорытындысы

Солтүстік Қазақстанда болып жатқан семинардың соңғы күнінде жиналыс өткізіліп, онда қала және аудан имамдары тоқсандық қорытынды есептерін тапсырды. Есепте жыл басынан атқарылған іс-шаралар, атап айтқанда, уағыз-насихат, оқу-ағарту жұмыстары, қайырымдылық іс-шаралар, діни мерекелердің өту деңгейі, мешіттердің тіркелуі, сондай-ақ БАҚ-пен байланыс толық қамтылып, облыс имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы тарапынан нақты тапсырмалар мен міндеттер берілді.

Сондай-ақ, жиналысқа Дін істері басқармасының өкілі мен облысымызда жаңа ашылған «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің басшысы қатысты. КММ басшысы Нұрғали Оразалинов имамдармен арнайы танысу үшін келгенін айта отырып, алдағы уақытта ортақ мақсат жолында маңызды жұмыстарды бірлесе атқарылатынына сенім артты. Ал Дін істері басқармасының жетекші маманы Әбу Бәкір Карменов дін қызметкерлерінен мешіт құжаттарының толық болуын қамтамасыз етуді сұрады.

Жиын соңында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде бір айлық курсты аяқтаған молдаларға сертификаттар табысталды.

Осылайша солтүстік өңірінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы айқындап берген бағыт-бағдар бойынша атқарылған үш күндік семинар аяқталып, имам-молдалар осы семинардан алған пайдасын халық игілігіне жаратады деген сенімдеміз.

«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру