2014 жылдың 28-30 сәуір күндер аралығында Алматы облысы, Қарасай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қала-ауыл төңірегіндегі имамдарының білімін жетілдіру семинары аудан орталығы – Қаскелең қаласында өтті. Осындай білім мен біліктілікті шыңдайтын іс-шараға Алматы облысы «Қарасай батыр» мешітінің ұстазы Ташенов Ринат, ҚМДБ-ның имамдардың білімін жетілдіру институтының ұстазы Әлиұлы Бауыржан және де басқа да білікті ұстаздар имамдарға үш күн бойы ақида, фиқһ, Құран тәпсірі, көркем түрде уағыз-насихат жүргізу тәсілінің әдістемесі турасында дәрістер өткізді.
Бұл семинарға арнайы Алматы өңірінің өкіл имамы Әсет Қадірақынұлы қатысып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы аясында бұл шара барлық аудандарда өтілуі керектігін баяндай келе имамдар білімінің жоғары дәрежеде болуы бүгінгі күннің талабы екенін атап өтті. Сонымен қатар, өкіл имам мұндай іс-шаралардың қазіргі таңда имамдар қызметінің сапасын және де біліктілігін арттыру үшін маңызы зор екенін түсіндіріп, «Исламдағы білімнің қадір-қасиеті» атты тақырыпта ұлағатты баяндама жасап, семинарға қатысқан имамдарға сертификаттарын тапсырып, Алла жолындағы қызметке сәттілік тіледі.
Қарасай аудандық баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2014
3238
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру