Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті үш ай насихатталған жарыс (ФОТО)

30.04.2014 4878 0 пікір

 Исламда абзал үш ай бар. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Режеп Алланың айы, Шағбан менің айым, Рамазан үмметімнің айы», – дейді. Міне, осы айлардың құрметі үшін, бір жарым ғасыр тарихы бар Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде әйелдер жамағатының арасында топтық жарыс өтті. Қыздар «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» топтары болып бөлініп 8 кезеңдік жарыста бақ сынасты. Жарыс Алланың сөзімен ашылып, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт, «Айтбай» мешітінің имамы Алпамыс Тлеубергенов сөз алып қасиетті үш айдың басталуымен құттықтап, сауапты амалдардың көп болуын тіледі. Жарыс кезеңдері әр топ өздерін таныстыру, топқа қойылған аят аттарын ойымен баяндау, «Фил» сүресінен төмен қарай жатқа оқу, «Ясин» сүресін жүзінен оқып, викториналық сұрақтарға жауап беру, қазақтың көнерген сөздерінің мағынасын табу, Құранның 114 сүресінің есімдерін ретімен жатқа айту, топ есімдеріне байланысты өлеңдерін жатқа оқу. Осылайша қыздарымыз керемет сайыс өткізді. Барлығы да ынта-жігерлерімен дайындалып, еңбектеніп келгендері көрінді. Үш топта бір-бірінен тек бір-екі ұпай ғана айырмашылықта болды. Әділ қазылардың шешімі бойынша бірінші орынға «Шағбан» айы жүлделі (Samsung Galaxy S5) 1-ші орынға ие болды, 2-ші орынға «Ережеп» айы (Samsung Galaxy S3), 3-ші орынға «Рамазан» айы (Nokia) ұялы телефондары топ басшыларына берілсе, қалған қатысушыларға және ұстаздарға сыйлықтар да үйлестірілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру