ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Сыр өңірінде облыс имамдарының «Үлгілі имам – діннің келбеті» атты имам молдалардың І-ші алқалы жиыны өтті.
Шара ашық және жабық бағытта өтіп, 3 сағатқа созылды. Алқалы жиынға қала, аудан тіпті шалғай ауыл мешіттерінен 106 имам модалар қатысты. Шараға ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, облыстық дін істер агенттігінің басшысы Бақытжан Камалов, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Талғат Омаров қатысты.
Жиынымыз Аллаһтың кәләмімен ашылып, алғашқы сөзді Алтынбек Ұтысхан алып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізді: «Әссалаумағалейкум уа рахматтуллахи уа баракатух»
Алтынбек Ұтысхан баяндамасында: «Тақырыптың өзіде «Үлгілі имам – діннің келбеті» деп алынып отыр. Асыл дінімізді насихаттайтын имам молдаларымыз қандай болу керек, қандай жауапкершілікті артып жүр міне осы жиын жан-жақты жеткізу бағытында өткізіліп отыр. Сондықтан осындай тақырыпта жиынның жиынның өткізілуі өте орынды, маңызды деп ойлаймын. Имамдық, молдалық екінің біріне нәсіп болмайтын үлкен сауапты іс. Өйткені адамзаттың өмірге кететіне дейін не істеп не қою керек, жалпы жаратылысымыздағы мақсат не? Не үшін жаратылдық? Қайда барамыз? Міне осының барлығын егжей-тегжейлі жеткізетін сіздер мен біздер. Осындай үлкен сауапты да жауапты істі Пайғамбарлар атқарған. Сіз бен біз жәй ақынның емес, жазушының емес Аллаһтың сөзін жеткізудеміз. Ал қазір осындай жауапкершілігі мол жұмысты жасауды Аллаһ бізге бұйыртып отыр. Сондықтан ең әуелі осыны сезініп білуіміз керек. Ендеше біздің бойымызда Пайғамбарлардың бойында болған көркем мінезден өнеге ала отырып осы жауапты істі ыждағаттылықпен атқару керек. Аллаһ Елшілерінен өнеге ала отырып сөзімен де, ісімен де, әдебімен де үлгі болатын имамдар баршылық. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Өзгені өзгертпес бұрын ең алдымен өзіміз өзгеруіміз керек. Біздің бойымыздан игі жақсы қасиеттерді көру арқылы халықта өзгереді»,- деп дін өкілдерінің бойынан табылу керек қасиеттерді айтып, Бас мүфтидің бастамасымен атқарылып жатқан игі бастамаларымен, іс шараларға да тоқталып өтті. Оның ішінде қайырымдылық, дәстүрлі емес діни ағыммен жұмыс, уағыз насихат жұмысы, сауат ашу курсының жұмыстарына жеке-жеке тоқталды.
Келесі сөз кезегін Қызылорда облысы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов ағамыз алып жалпы ысырапшылдық оның ішінде жаназа ысырапшылдығына ерекше тоқталып өтті. Ағамыз дәрет алсаңда суды ысырап етпе деген бар деп тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйінін айтты. Содан соң Қызылорда облысының дін істер агенттігінің басшысы Бақытжан Камалов «Мемлекеттің дін мен қарым қатынасы», исламтанушы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Берік Арын «Имамдық – сауапты да, жауапты іс», орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің сайт меңгерушісі, теолог Жеңіс Әбибуллаұлы «Заманаи имам қандай болу керек?» тақырыптарында баяндамалар оқыды.
Жиын соңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Талғат Омаров имам молдалардың халықпен қарым қатынаста жоғарғы деңгейде болу керек екенін айтып, жалпы имам молдалардың әлем жаңалықтарынан хабардар болып, жаңа техникаларды меңгерген, көркем мінезге толы заман талабына сай болу керек екенін айтты.
Сонымен қатар имам молдаларға орындалу керек 40-қа жуық тапсырмалар тапсырылып, жұмыс барысын қатаң тексерілетіні жөнінде де айтылды.
Бұл жиын тек бастамасы. Алдағы уақытта осындай шаралар өз жалғасын таппақ.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2014
5324
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру