Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастармен тағылымды кездесу

29.04.2014 3996 0 пікір

Жезқазған қаласындағы № 9 орта мектебінде 9, 10, 11 сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өтті. Бұл кездесуге ҚМДБ-ның  Жезқазған аймағы бойынша жастар бөлімінің меңгерушісі Сейдахметов Абылай Айқынұлы, мектеп директоры Төребеков Маратбек Жақыпбекұлы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камалов Марат Гаппасұлы, социолог, педагог Смайлова Балқия Таңатарқызы және мектеп оқушылары мен олардың ата – аналары қатысты. Кездесудің басты тақырыбы «Өзіне - өзі қол жұмсау -  өте ауыр күнә»  жайында түсіндірілді. Тақырыпты таныстырып, ашу үшін ең бірінші социолог, педагог Балқия Таңатарқызы өзінің дайындаған баяндамасы мен бейне материялын оқып таныстырды. Содан соң  ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша жастар бөлімінің меңгерушісі Абылай Айқынұлына өзін - өзі өлтіру, қол жұмсау Исламдағы ең ауыр күнәлардың бірі  жайлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін, өсиеттерін жеткізді. Сонымен қоса тартымды да, тағылымды насихат әңгімелерін айтты. Әсіресе, мектеп бітіруші түлектерге қандай сынақ болса да, оған сабырлық таныту керектігі жайлы тоқталды. Қазақтың дана сөзінде: «Күміс есік жабылса, алтын есік ашылар», -  деген сөзді тилге тиек етіп, біз үшін ауыр болған істің -  біз үшін қайырлы екенін, алдағы ұлттық бірыңғай тестіден өте алмай қалған жағдайда қам жемеулерін ескертті. Сонымен қатар, емтихандарын жақсы тапсыруларына тілектеспіз деген ниетте сөзін аяқтады. Мектеп оқушылары мен ұстаздары және олардың ата-аналары осы игі шараға  дән ризашылықтарын білдірді.     

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру