Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы мешіттері көктеммен бірге жаңаруда

28.04.2014 4326 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай Алматы орталық мешітінің ұйытқы болуымен қаламыздағы «Фатима» мешітінде бүгін көгалдандыру және сенбілік шарасы өтті. Шараға Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет, Медеу ауданының бас имамы Тлепберген Алдамжарұлы, «Ильдаш» гуманитарлық қоғамдық қорының төрайымы Нурия Исмагилқызы, мешіт ұжымы және жамағаты келіп қатысты. Іс-шара барысында мешіт ауласындағы көгалға жеміс ағаштары және раушан гүлінің көшеттері отырғызылды. Мешіт ауласы тазартылып, әрленіп, боялды. Мешіт күндегісінен ерекше әдемілікке оранды. Әйелдер де қалыс қалмай, сенбілікке келген жамағатқа ас әзірлеп мәре-сәре болып жүр. Бас имам Нұрбек қажы сөз алып, жамағатты әрдайым осындай ауызбіршілікте болуға шақырды. «Ильдаш» гуманитарлық қоғамдық қорының төрайымы Нурия Исмагилқызы өз кезегінде бас имамға және діни басқармаға өз ризашылығын білдіріп, әрдайым қолдау көрсететіндігі үшін өз алғысын айтты.

Мешіттің бас имамы Таған Мелс келген жамағатқа алғысын жеткізіп, түскі асқа шақырды. Айта кетерлік тағы бір жәйт мешіт ауласының сыртында балаларға арналып ойын алаңы жасалу үстінде. Бұрындары қараңғы, ұсқынсыз бір бұрыш болған ол жер бүгінде балалар асыр салып ойнайтын алаңға айналмақ. Оның құрылысын «Фатима» мешіті мен «Ильдаш» гуманитарлық қоғамдық қоры бірлесіп жасамақ. Алла тек сәтін берсін дейміз.

 Алматы қалалық орталық мешіттің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру