27 сәуір. Бүгін Қазақстандағы Ислам діні қызметкерлерінің шешендік һәм діни ілімдерін шыңдау мақсатында жоспарланған біліктілікті жетілдіру семинары басталды. Аталмыш семинарда Ислам ақидасы, Фиқһ негіздері, хадис ілімі және шешендік өнер ерекшеліктері, тайм-менеджмент секілді пәнідерден дәрістер оқылады.
Семинардың бірінші күні "Әзірет Сұлтан" мешітінде өтіп, онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы Ислам ақидасы бойынша дәріс жүргізді. Сондай-ақ, фиқһ, хадис ілімдері бойынша Нұрмүбәрак ислам университетінен исламтанушы Қайрат Құрманбаев пен Рахымжан Әкімбеков дәріс оқыды. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Дін істері басқармасының басшысы Жорабек Дәуренов бүгінгі игі бастамаға ізгі тілегін білдірді.
Астана әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан тренингті ұйымдастыруға ұйытқы болған ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің атынан "Нұр Астана" мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да жүрекжарды тілегін айтып, осы істің басы-қасында жүрген барша азаматтарға алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған бұл семинар 27-28 сәуір аралығында, яғни 3 күнге жалғасатын болады. Алдағы екі күнде семинарда шешендік өнер және тайм-менеджмент пәндері бойынша дәрістер жүргізіледі.
XXI ғасыр имамдарының шешендік қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отырған семинарға көпшілікке есімі белгілі Меруерт Жүнісбекова қатысып, шешендік өнерден тренинг өткізу жоспарланған.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2014
3141
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру