Қазіргі таңдағы қоғамда көбінесе жастар арасында жат ағымдардың алдын алу мақсатында Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетте студент жастармен кездесу өтті. Кездесуге Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы уаһабилік, сәләфилік сынды жат ағымдардың тигізіп жатқан зияндығы, салт – дәстүріміздің шариғат шеңберінен ауытқымайтындығы жайында сөз қозғалды. Егеменді елімізді, туған жерімізді ата-бабамыздың бізге аманат етіп қалдыруы жайында және кері ағымдардың салт-дәстүрімізді мойындамай, теріске шығарып жатқандығы жайлы толығырақ түсіндірілді. Айтылған діни уағыз-насихаттар барысында туындаған сұрақтарға өкіл имам тарапынан нақты, толық жауаптар берілді.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2014
3341
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру