Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сайөтес ауылындағы тағылымды кездесу

28.04.2014 3713 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 26 сәуір күні Маңғыстау адуанына қарасты Сайөтес ауыл мектебінің оқушылары және ауыл тұрғындарымен кездесті. Ауыл әкімі Ұлықпанов Насуха Жұмабекұлы Мәдениет үйіне жиылған жұртшылыққа өкіл имамды таныстырып, бүгінгі кездесудің маңызын атап өтті. Өкіл имам жастар мен ауыл тұрғындарына имандылық жайында тартымды да тағылымды уағыз айтты. Уағыз барысында қазақ жеріне ислам дінінің қашан және қалай келгенін, қазақ жерінен шыққан ғалымдарды, қазақтың дәстүрі дінге қайшы келмейтінін баса назарда айтып өтті. Намазға жығылуға ниет еткен жастарға қателікке бой алдырмау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми газеті, журналы мен сайттарын ғана пайалануға кеңес берді. Кездесуге қатысқан тұрғындардың көкейлеріндегі сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Кездесу соңында өкіл имам ауыл әкімі Ұлықпанов Насухаға «Дін мен дәстүр» және «Иман негіздері» кітабын тарту етті.

 

 Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру