25 сәуірде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Берденұлының ұйтқы болуымен уағыз-насихат және интернет желісімен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, теолог-исламтанушы, РҺD докторы Е. Ағыбайұлы Атырау облысы қылмыстық істер тергеу УГ-157/1 изоляторы қызметкерлерімен кездесті. Алғаш аталған мекеменің басшысының қабылдауында болған өкіл имам мен Е.Оңғаров діни ахуал жайында сұхбаттасып, қоғамымызда көптеген мәселелерді тудырып отырған өзге ағымдармен күресу жолдары жайында пікірлесті.
Полиция қызметкерлерімен кездесуде Е.Оңғаров Ислам діні мен кейінгі кезде орын алған экстремистік жағдайлардың аражігін ажыратып, дәстүрлі дініміз одан пәк екенін жіті түсіндірді. Қызметкерлер тарапынан: балақ қысқарту, сақал қою, әйел адамның бетін тұмшалап қара жамылуы, батадан соң бет сипамау т.б. көптеген діни сауалдарға тұщымды жауабын берді.
Аталмыш шарадан соң, Е.Оңғаров атбасын Алла үйіне тіреп, «Иманғали» орталық мешітінде «Қасиетті 3 ай – Ережеп, Шағбан, Рамазан» турасында жұма уағызын жүргізіп, жамағатпен жүздесті.
Кезекті шарада құтты қонағымыз қаламызда орналасқан мешіттердің имамдарымен сұхбаттасып мәжіліс өткізді. Жиналыста Бас мүфтидің 4 бағыттағы тапсырмалары пысықталып, жиналған кала имамдарына тапсырманың өзіндік маңыздылығын, соның ішінде қайырымдылық шарасын өткізудегі өзге ағымдағы бауырлардың бетін бері қарату нәтижесі зор екенін айтып, осы бағытта өмірде орын алған оқиғалардан мысал келтірді.
Бірнеше осындай өзіндік маңызы зор, пайдасы мол кездесулерден соң Е.Ағыбайұлы «Қазақстан Атырау» облыстық радиосындағы «Жұмадағы тілдесу» бағдарламасының тікелей эфиріне шығып, «Діни құндылық – ұлт игілігі» атты тақырыптың төңірегінде сұхбат берді. Сондай-ақ, тікелей эфирден қойылған бірқатар сауалдар да өзінің тиісті толыққанды жауаптарын тапты.
РАНТ мүшесі Атырау қаласында ұйымдастырылған 20-ға жуық кездесулерге қатысып, онда 5 000-нан астам қатысушылар қамтылды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2014
3125
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру