Жезқазған өңіріне қарасты, Жезді кентіндегі кітапханада «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы аймақтық мешітінің Жастар бөлімі меңгерушісі Сейдахметов Абылай Айқынұлы, Жезді кентінің бас имамы Жалбыр Дәулет Бәркенұлы кенттегі жас қызметкерлерге асыл дініміз Ислам жайлы уағыз-насихат кездесуін өткізді. Қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі экстремизм мен терроризм жайлы талқыланды. Бұл дөңгелек столға кенттегі мекемелердің жас мамандары қатысты. Атап айтқанда, кітапхана басшысы Мекебаева Зулқия, кент әкімі аппаратының инспекторы, мәдени сауықтыру орталығының жаттықтырушысы Абдишев Талғат, жергілікті полиция участкісінің басшысы Құлажанов Берік, мұғалімдер мен мұражай қызметкерлері, әскери есепке алу мамандары қатысты. Қоғамда салт-дәстүрімізге қарсы келетін, Исламға жат ағымдардың тигізіп жатқан зияндығы жөніңде көп сұрақтар қойылды. Өте танымды және жақсы діни мәліметтер алған қатысушылар осындай тақырыптағы отырыстар кең ауқымда өтуі жөніңде сұраныс білдірді. Алдағы уақытта дін мамандары осындай кездесулер жалғасын табатынын жеткізді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы,
Жезді кентінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2014
3433
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру