Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бір сапар бірнеше келелі істі қамтыды

25.04.2014 3526 0 пікір

24 сәуір күні Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәжіліс залында «Еуропалық иммундау апталығы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Жуырда арнайы Атырауға іс-сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат және интернет желісімен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, теолог-исламтанушы, РҺD докторы Ершат Оңғаров осындай маңызды кездесулерге арнайы қатысып келеді. 22 сәуірден бері арнайы ұйымдастырылып келген кездесу іс-шаралар мен ауқымды жиналыстарда болып, бүгінгі жалғасын тапқан аталмыш конференцияға да қатысуға сәті түсті.

Бұл басқосуда екпе жайындағы мәселелері көтерілді. Е.Оңғаров өз сөзінде қазіргі таңда жиі көтеріліп жүрген проблемалардың бірі екенін айтып, дегенмен екпенің шариғатқа қайшы келмейтінін көпшілікке бірнеше дәлелдерді ұсына отырып, өз сөзін қуаттады. Сонымен қатар, ҚМДБ тарапынан да осы мәселе талқыға алынып, оң шешімі қарастырылуда деп сендірді.

Конференцияға сонымен қатар Мысыр Араб Республикасындағы әл-Әзһар университетінің шейхы Мухаммед Жәмәл әд-Дин Хашим, Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысының орынбасары А.Жұмағалиев, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Е.Шохаев және ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Мансуров қатысып, осы мәселе жөнінде пікірлерін ортаға салды.

     Өз мәресіне жеткен жиналыстан соң РАНТ мүшесі Е.Оңғаровтың келелі кездесуі Махамбет ауданының халқымен жүздесумен жалғасты. Ауданға қарасты Бейбарыс ауылы, В.Чкалов атындағы орта мектепте «Тарихты білу-ұлылық» деген тақырыппен оқушы жастар және ата-аналармен кездесті. Ол барша қатысушыларды Исламды дұрыс дереккөздерден үйренуге шақырып, сондай-ақ ҚМДБ-ға қарасты сайттарды тереңінен таныстырып өтті.

Ал келесі болып сөз алған өкіл имам Б.Берденұлы Ислам ғылым-білімге шақыратын өркениет діні екендігі жайында нақтырақ тоқталды.

Кездесу аяқталысымен өкіл имаммен және Е.Оңғаров өзінің тарихымен танымал болып келе жатқан Сарайшық музейне ат басын тіреп, зиярат етті.

Бірнеше осындай өзіндік маңызы зор кездесулерден кейін Е.Оңғаров «Қазақстан Атырау» облыстық телеарнасының тікелей эфиріне шығатын «Иман нұры» діни танымдық бағдарламасының арнайы құрметті қонағы болды.

Бағдарламаға «Құлшылық өзегі – дұға» тақырыбы арқау болып, Ершат Ағыбайұлы дұғаның әдептерін, қабыл болу шарттарын, дәстүріміздегі бата берудің дініміздегі орнын толыққанды түсіндіре келе бата беру, тілек айту, дұға жасау жастарды имандылыққа тәрбиелеуге оң ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар, тікелей эфирге қойылған бірқатар маңызды сұрақтарға тұщымды жауаптарын берді.

Ал кешқұрым қалалық «Жұлдыз» мешітінің жамағаттарымен кездесіп, жалпы мұсылманның сипаты жайында уағызын жүргізді. Осылай РАНТ мүшесі Е.Оңғаровтың іс-сапары бірнеше істі қамтыды.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру