Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала әкімі жаңа имамды қабылдады

25.04.2014 4215 0 пікір

Жуырда, Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітіне жаңа имам тағайындалған болатын.

Қала имамы Бакдаулет қажы Абрахманов өзінің  алғашқы жұмысын Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен кездесуден бастады.          

Кездесу барысында қала әкімі Дархан Амангелдіұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің  үш бағыт бойынша бастамасына үлкен қолдау көрсететінін айтып өтті.

Сондай-ақ, жастар тәрбиесі, салт-дәстүр, діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу бойынша жан-жақты әңгіме өрбітті.

Кездесу  соңында  қала имамы  Б.Абрахманов әкімге «Дін мен дәстүр» кітабын сый етті.

 Қала имамы телеарнада

Облыстық орталық мешіттің ұйытқы болуымен облыс көлеміндегі қала, аудандардағы 9 телеарна мен  2  телерадио басшылықтарымен екі жақты келісімге сәйкес апта сайын имандылық иірімдері телехабары жүргізіліп келеді.

Кезекті «Қазақстан Шымкент», «Отырар» телеарналарындағы имандылық иірімдері телехабарға Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің жаңа имамы Бакдаулет қажы Абрахманов арнайы қатысты.

Онда Бас мүфтидің бастамасымен қолға алып отырған «Тазалық - иманнан» шарасы аясының маңыздылығына және қабірлерге зиярат ету және «Өткенге құрмет-елге құрмет» тақырыбы бойынша сұқбат берді.

Бұл хабарлар тікелей эфир арқылы жүргізіліп, көрермендердің сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру