Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға сертификат берілді

24.04.2014 3518 0 пікір

Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің жанындағы сауат ашу курсында жоспар бойынша өңірімізге қарасты қала, кент және ауылдардан келген  имамдарға «Фиқһ» пәнінен семинар өткізілді.

Семинар барысында имамдар мен жамағат арасында өзекті мәселелер талқыланып, сұрақтарына қажетті жауаптарын алды. Ислам шариғатымен тағылымды дәріс тыңдаған қатысушылар өз кезегінде дән ризашылықтарын білдірді. Барлық семинарға қатысқан имамдарға өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы аймақтық мешіт атынан арнайы сертификаттарды табыс етті.

Алдағы уақытта дін қызметкерлерінің білімін пысықтап, толықтыру  үшін осындай семинарлар аймақтық мешіттерге қарасты наиб имамдар мен азаншыларға өткізу жоспарға енгізілді.

ҚМДБ Жезқазған аймақтық

мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру