Бүгін Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков Ақтау қаласындағы қарттар үйінде болып, қарттардың көңілдеріне демеу болу мақсатында дастархан жайды. Араларында тағдыр тауқыметіне ұшырап, қарттар үйіне баруға мәжбүр болған жандар да жоқ емес. Осындай жағдайға ұшыраған қарттар үйіндегі ақсақалдар мен апаларымызға өкіл имам дастархан басында уағыз айтып, Алладан үміт үзбеулерін, Аллаға әрдайым сыйынып жүрулерін тілге тиек етті. Ата-ананы қартайған шағында бұлай қараусыз қалдыру расында да Алла құзырында үлкен күнә екені белгілі.
Қайырымдылық шараға Маңғыстау облысына белгігі ақын Оразов Қамбар және екі шәкірті арнайы шақыртылды. Ақындар қарттардың жабырқаулы көңілдерін сергіту мақсатында өлең жыр мен терме айтып, шараға өз үлестерін қосты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.04.2014
4062
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру