Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен мешіт имам молдаларды оқыту қолға алынған болатын. Осыған орай, 10-24 сәуір аралығында ҚМДБ-ның Семей аймағына қарасты Төлеубекқажы мешітінде имам молдалардың біліктілігін арттыру екі апталық семинары өтті.
Алла Тағала Құрани Кәрімнің «Мүжәдала» сүресінің 11-аятында: «Алла иман еткендер мен ілім берілгендердің дәрежесін көтереді», – деген. Соның нәтижесінде Семей аймағына қарасты аудан, ауыл, имам молдалары 1-ші топ екі апталық жоспарланған оқу бағдарламасын тәмәмдап оқығандығын куәландыратын сертификат куәлігі берілді. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышбекұлы имам молдаларға осы алған білімдеріңізді жалғастырып жетілдіре беруіне үгіттеді. Өз кезегінде дәріс алған имам молдалар еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазретке Семей өңірінің өкіл имамына және дәріс берген ұстаздарға алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді. Ерекше Төлеубек қажы мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлына екі апта бойы атқарған қызметіне ризашылықтарын білдіріп баталарын берді.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.04.2014
3356
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру