ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Исламтанушы, теолог PhD докторы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы мен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Атырау облысы Мақат аудан орталығындағы мәдениет үйінде және Доссор ауылдық округіндегі Абай атындағы орта мектебінде «Дін және Мемлекет» атты семинарлар өткізді. Сапар барысында Мақат аудандық орталық мешітіне арнайы бас сұғып намазхан жамағатпен жүздесті. Намаздан соң жамағатқа имамға бағыну тақырыбында уағыз айтты. Мақат ауданындағы келелі кездесулерден кейін Ершат Ағыбайұлы «Әт-Тақуа» мешітінде ақшам намазынан соң құптан намазына дейін жиналған жамағатқа салихалы сұхбат жүргізіп көкейлеріндегі сұрақтарына толыққанды тұшымды жауаптар берді. Осылайша бір күнде төрт кездесу өтті.
Аудандағы шараларға арнайы қонақ ретінде Атырау облыстық дін істері басқарма басшысы Е.К.Шохаев қатысып: Елбасы жолдауында айтылғандай «Елімізде дінді танып білуге талпыныс өсті, дін рухани өміріміздің негізіне айналды» дей келе зайырлы мемлекетіміздегі діни сауаттылыққа тоқталды.
Семинар барысында Е.А.Оңғаров ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізіп, осы жылды Бас мүфти «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағандығын жеткізді. Сонымен қатар, семинарға қатысушыларды ғаламтор беттерінен діни әдебиеттер немесе діни тақырыпта мағлұмат алу барысында тек қана ҚМДБ-ның арнайы ресми сайттарына жүгіну керектігін айтты. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы «Діннің тұтастығы – қашанда елдің тұтастығы. Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа соқтыратыны тарихтан белгілі». Сондықтан да, жік-жікке бөлінбейік біртұтас қоғам болып дәстүрлі емес діни теріс ағымдарға қарсы тұруға шақырды. Семинар соңында Ершат Ағыбайұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне осындай кездесулердің маңыздылығы туралы сұхбат берді.
ҚМДБ-ның Батыс облыстық өкілдігінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.04.2014
3179
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру