Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазыналы тарихқа саяхат жасалды

24.04.2014 3885 0 пікір

Сәуір айының 23-ші жұлдызында Орал қалалық мешіті  2006 жылы дін жанашырлары, отандастарымыз Р.Хайруллин мен Р.Абдрахманұлының бастамасымен ашылған Татар мәдениет орталығындағы Ғ.Тоқай мұражайында Орал медресесі шәкірттері мен мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсының шәкірттеріне діни-танымдық  саяхат ұйымдастырды. Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі бастаған  шәкірттерге мұражай директоры Марат Рафаэльұлы қаламыздың мәдени және діни тарихын таныстырып, ақын, қоғам қайраткері  Ғ.Тоқайдың өмірбаяны мен шығармашылығын және де қаламызға  дін жағынан еңбек еткен имамдар мен мүдәрристерді таныстырды. Сонымен қатар, қаламыздың  19-20 ғасырда көне 4 мешіт және медреселер болғандығын, мешіт-медреселерде қызмет қылған Махамад Садық  Фатыхұлы, Мухамад Харис Шарифұлы, Мухамаджан Паравайұлы, Махамадвали Нигматуллаұлы, Мотыйгулла Тухфатуллин, Шамсутдин Тухватуллин, Габделракиб Тулбаев, Гайнетдин Залялютдинов, Хабибулла Исмагилұлы т.б ахун, мулла, мүдәррис-имам лауазымдарға ие тұлғаларды таныстырды. Мұражайдағы ата-бабаларымыз оқыған көне Құран Кәрім, араб тілі нұсқасындағы  ислам тарихы, араб тілі, сарф ілімі,  жағрафия, ботаника, арифметика секілді кітаптарға таңданыспен қараған  шәкірттердің 19-20 ғасырдағы Орал жұртшылығының діни сауаттылығы мен зайырлы ілімдерді жетік игеруі ілімге деген құрметі мен қызығушылығын арттырды. Алдағы уақытта Орал медресесі мен сауат ашу курсының шәкірттеріне Орал қалалық мешітінің ұйымдастыруымен ұлт пен ұлыстардың үндестігі табылған Орал қаласының тарихы мен діни ахуалын таныстыруға, елжандылық пен отансүйгіштікке арналған іс-шаралар жалғасын таппақ.

 Орал қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру