Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарасайдағы Құран жарысы

23.04.2014 3863 0 пікір

2014 жылдың 23 сәуір айының сәрсенбі күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы ауылы, «Абу-Бакір» мешітінде аудандық мектеп оқушылары арасындағы  Құран Кәрім жарысы өтті. Бұл жарысқа ауданда орналасқан мешіттер жанындағы сауат ашу курстарынан іріктеліп, ислами білім алып, Құран жаттап жатқан 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты.

Алғы сөзді Алматы өңірі «Қарасай батыр» мешітінің найб имамы Арман Бекбосынұлы  Құранды үйреніп және жаттаудың екі дүниеде бақытқа кенелетін сауап амал екенін айтып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің басты талап, сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру тапсырмасының орындалуына имамдар барша күш-жігерін салып, ұлағатты бұл шара әрдайым басқа аудандар да жалғасын тауып, жыл сайынғы мешіттерде жасалынатын әдетті үрдіске  айналу керектігін де атап өтті.

Жиын барысында оқушылар арасынан үздік шәкірттер сарапталып, жүлделі орын алған талапкерлер қаржылай және естелік сыйлықтармен марапатталды. Құран жарысының соңы сауабы мол жиынға және Аллаһ разылығы үшін жиналған  мұсылман қауымының мерекелік дастарханымен аяқталды. 

Қарасай аудандық

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру