Бүгін ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, ҚМДБ-ның уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Исламтанушы, теолог PhD докторы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы қатысуымен және Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен Атырау селосында орналасқан «Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің» жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, кеш қонағы болған Е.Ағыбайұлымен жиналған оқушы жастар мен ұстаздар қауымы сұхбат құрды. Қатысушылардың қатарында өкіл имам Б.Берденұлы, селолық округ әкімі И.Т.Мырзағылыұлы және «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы, теолог маман Қ.Жұмағұлов болды. Дін өкілдері жастардың және мектеп қызметкерлерінің сұрақтарына кеңінен тоқталып, тұщымды жауаптарын берді. Кездесу барысында болған сұхбат қазіргі діни ахуалға қатысты қазақ қызының бетін тұмшалап қара жамылып киюі, өзге ағымдарға бөлініп ата-анасынан безіп жүргендер мен мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпейтіндер, кейінгі кезде белең алған діни экстремизм т.б көптеген осындай проблемалар аясында өрбіді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2014
3411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру