ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Исламтанушы, теолог PhD докторы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы Атырау өңіріне 22 сәуірде іссапармен келіп, жергілікті мешіт жамағаты, мекеме қызметкерлерімен, мектеп қабырғасындағы оқушылар, ЖОО-ның студенттерімен және аудан халқымен кездесуде. Сол сияқты облыстық «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы «Сауат ашу орталығына» осы күні ҚМДБ-ның Атырау облысындағы «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен оқып жатқан имам-молдалармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында О.Е.Ағыбайұлы имам-молдалармен таныса келіп, білімнің артықшылығы жайында уағыз жүргізді. Аудан имамдары келген қонаққа қош келдің айтып, айтылған уағыз-насихатқа ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Сондай-ақ өкіл имам Б.Берденұлына білімді жетілдіріп, білікті мамандардан дәріс алуға деген мүмкіндіктерді тудырып отырғанына Алладан зор сауабын жазуды тіледі.
Осындай маңызды кездесулерден кейін Е.Ағыбайұлы орталық мешітте құптан намазына дейін жамағаттар үшін уағыз жүргізді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2014
3242
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру