Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Төрт күндегі қырық кездесу

23.04.2014 3869 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жанынан құралған II-ші уағыз насихат тобы сапардан оралды.

Әр ауданда 4 күнде 10 кездесуден барлығы 40 жерде мектеп оқушыларымен, ауыл тұрғындарымен және мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізіп қайтты. Топ құрамында қалалық «Ибраһим» мешітінің  имамы топ басшысы Жұбанов Асқар,  қалалық «Айтбай» мешітінің найб имамы Базарбай Ырысбай, қалалық «Хазрет Әли» мешітінің найб имамы Мырзаходжа Сайдалиев, Қазалы ауданы «Қожаназар ишан» мешітінің найб имамы Марат Үркимбаев, Сырдария орталық мешітінің бас имамы Жамиев Мейрамбек  атты білікті имамдардан құралған-тын.

4 күндік іс-сапарда халықпен және оқушылармен кездесу барысында халықты көбінесе имандылық пен ата-анаға құрмет, т.б. тақырыптар астарлы және жетімді түрде аят-хадистермен, ақылға қонымды жағымен айтылып, көптің көкейінде жүрген үлкен күнәлар, адамның өз-өзіне қол жұмсауы, оқушылар мен студенттер арасында қол жұмсау (суицид), реенкарнация, намазды тастаудың үкімі, қарыз алу мен беру әдебі, әруақтардан медет сұрау, хиджаб, сақал қою, көп әйел алу, діни ағымдардан қалай сақтану керектігі, ұлттар мен діндердің айырмашылығы, қатынасы, болашақты болжау, балгерлік, көріпкелдік, жаназа намаздарындағы ысырапшылдық, көптің аузында жүрген уаһһабия, ілім алу мен пайдалары, ауызбіршілік, секталар, отанға деген қызметтің адалдығы, ақыр заман, құмалақ пен Жәннат-Тозақ, таблиғ жамағатының ұнамсыз жақтары, неге олардың қатал қарым-қатынас жасайтындықтары және секталардан қалай сақтануға болады деген тәрізді көптеген сансыз сұрақтар оқушылардың ойларын мазалап жүргендігі, діннен көптеп хабары бар екені, ұстаздарының да біраз мәлімет беріп жатқандығы айқын көрініп тұрды. Көптеген мәселелер талқыланып, насихатталды.

Осылайша теңізге қосқан тамшыдай болсада уағыз-насихат тобының жұмысы әрі қарай жанданып, өрісінің кеңеюін Алла Тағала нәсіп еткей.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру