Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дәстүр шариғаттан ауытқымайды

23.04.2014 3145 0 пікір

Қазіргі таңдағы қоғамда көбінесе жастар арасында жат ағымдардың алдын алу мақсатында Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті ақпараттық насихат тобы  қалалық қазақ – түрік лицейінде жоғарғы сынып оқушылары және ұстаздарымен кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлмінің бас маманы Айшагүл Жаппарбайқызы және Жезқазған аймақтық мешітінің өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы уахабилік, сәләфилік сынды жат ағымдардың  тигізіп жатқан зияндығы, салт – дәстүріміздің шариғат шеңберінен ауытқымайтындығы жайында сөз қозғалды. Егеменді елімізді, туған жерімізді ата-бабамыздың бізге аманат етіп қалдыруы жайында және кері ағымдардың салт-дәстүрімізді мойындамай, теріске шығарып жатқандығы жайлы толығырақ түсіндірілді. Айтылған діни уағыз-насихаттар барысында  туындаған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты, толық жауаптары берілді.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймақтық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру