Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

22.04.2014 3365 0 пікір

Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Жұма уағызында осы іс-шараның болатыны жөнінде жиналған жамағатқа жарияланған болатын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз қолымен құрма ағашын егiп, мұсылмандарды солай iстеуге шақырып: «Қандайда бiр мұсылман ағаш егiп немесе егiн ексе, ол егiстiктен адамдар, құрт-құмырсқа­лар мен құстар жеп азықта­натын болсадағы, мiндеттi түрде өзiне сауап ретiнде керi қайта­ды», – деген. Ағаштың және ормандар­дың тек қана адамдар үшiн емес, сонымен бiрге жан-жануарлар үшiн де пайдасы орасан зор. Сондықтан көгалдандыру жұмыстарына жамағатымыз  белсенді ат салысып ағаш көшеттерін әкеліп отырғызғандар болды. Ата-бабамыз айтпақшы «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», - деген өсиет жадымызда сақталған. Осындай тазалық шаралары алдағы уақыттарда жалғасын табады.

   Жезқазған аймағына қарасты Қаражал қалалық мешітінде де тазалық жұмыстары қолға алынды. Қаражал қалалық мешітінің бас имамы Дайыр Дулат мешіт жамағатын ұйымдастырып ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық шарасына мешіт жамағаты және қызметкерлері де  қатысты.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймақтық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру