ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында Бас имаммен бірге кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты оқушылардың мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан сәтте дәстүрлі емес діни ағым жетегінде кетпей, дін мен дәстүрге үндескен Ислам дінінің ақиқат дін екенін жастарға түсіндіру. Осыдан бірнеше күн бұрын осы бағытта Ақмолда ауылы мен Тасбөгет кентінде болып өтті. Бұл жолғы кездесу Қараөзек ауылы №39 қазақ орта мектебінде өтті. Кездесуге 4 ауылдың мектеп бітірушілерімен қатар 9 сынып оқушылары, мұғалімдері қатысты.
Бұл жолғы кезесуде өкіл имам Талғат Сейткәрімұлы оқушыларға дәстүрлі емес діни ағым және дәстүрлі дініміздің айырмашылықтарын ажыратып айтып берді. Осы кездесуде Талғат Омаров Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» кітабын да таныстыра кетті.
Сонымен қатар, №178 қазақ орта мектебінің директоры Байманова Гүлмира Елбасы кітабын оқып, ондағы Елбасының қажылық сапарындағы естеліктерінен керемет әсер алғандығы туралы оқушылармен бөлісті.
Оқушыларда сұрақтарын қойып тұщымды жауап алып, жалпы дін туралы ақпараттандырғаны үшін үлкен алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2014
3451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру