Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен хадисте адам баласы қайтыс болғаннан кейін үш түрлі амалынан басқасынан барлығы тоқтайтыны айтылады. О дүниелік болған жанға оның соңынан қалған ұрпағы оқыған дұғасы мен елге пайдалы ілімі және ел игілігіне жария садақасынан басқа ешбір амал-әрекет көмектеспейді. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) үмбетіне үлгі қылған сондай сауапты амалдардың бірі, яғни ел игілігіне жария садақа ол – жазда жолаушыға сая, қыста пана болатын ағаш отырғызу болып саналады.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» - деген халық даналығы да қоршаған ортаға қолғабыс болып, ағаш отырғызып, тал егудің артықшылығын әйгілей түседі. Осы орайда, өткен демалыста «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты мен ұстаздары жиналып, Қалдаяқов көшесіне ағаш отырғызып қайтты. Қала әкімдігінің келісімімен отырғызылған елу түп талдың тамыры тереңге жайылып, талай жанға сая боларлық бәйтерекке айналғай!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2014
4009
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру