Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам "Теңізшевройл" қызметкерлерімен кездесті

22.04.2014 3298 0 пікір

Бүгін ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы «Теңізшевройл» ЖШС-гі қызметкерлерімен кездесті. Аталмыш кездесу Атырау облысы Дін істер басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» ұйымдастыруымен болды.

«Діни экстремизм мен діни радикализмнің алдын алудың маңыздылығы мен тетіктері туралы» тақырыбында өткен үлкен жиынға Атырау облысы Дін істер басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» басшысы Аманбай Шапхатұлы Хұсынов және «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы, теолог маман Қанат Жұмағұлов, сонымен қатар аталмыш орталықтың басқа да өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жиналған жұртшылыққа қазіргі діни ахуалға қатысты дайындалған арнайы бейнематериал ұсынылды. Кейін білікті мамандар баяндамаларын оқып, қатысушылардың сұрақтарына сай уағыздарында айтып жеткізді.

Өкіл имам аталмыш мекеме қызметкерлерімен  қазіргі жастарымызды улап келген өзге діни ағымдар, бейнематериалда көрсетілгендей кейбір уағызшылар жастарды дәстүрімізге қарсы қойып жатқандығы секілді өзекті проблемаларға тоқталып еркін сұхбаттасты.

 «Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру