Жамбыл обылысында, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Тараз қаласы бойынша мешіт қызметкерлері аттестациялаудан өтуде. Имам-молдаларды аттестациялауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін істері бөлімінің меңгерушісі, Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, кадр бөлімінің меңгерушісі Бекмұратов Байұзақ Орынбасарұлы және пәтуа бөлімінің қызметкері Сансызбай Құрбанұлы келді.
5 күнге созылатын шарада мамандар имам-молдалардың біліктілігін, тәжуид, ақида, ислам тарихы, фиқһ ілімдерімен қоса әкімшілік сұрақтар қою арқылы аттестациядан өткізбек. Діни басқарманың жарлығы бойынша жасалып жатқан іске облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің имамдары, қала, аудан мешіттерінің бас имамдары болып жалпы 200-ден аса имам қатынасуда.
Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жаңа бағдарламасын ұсынғанда, «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», – деп ескерту жасаған еді. Жалпы ағарту мен рухани салада қызмет еткен азаматтарға қойылатын талап ауыр. Халық бірлігінің ұйтқысы болатын, имамдарымыздың да бәсекелі қабілетке дайын екенін, осы тексеруден байқай аламыз.
Көгедай Шәмерхан
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2014
3624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру