Өткен күні Семей қаласындағы Полигон құрбандарына арналған алаңда Атадан мал қалғанша тал қалсын атты акцияға байланысты көгалдандыру сенбілігі өтті. Оған Семей қаласының өкіл имамы Алтыбай Мақсат, Семей қаласының әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы, «Нұр Отан», «Жасыл ел» ұйымдары мен жоғары оқу орын студенттері және әр ұлт өкілдері қатысты. Іс-шара барысында аллеяға шырша көшеті отырғызылды. Бұл айналамызды көркейтіп қана қоймай, Ислам дінімізде үлкен сауапқа кенелтетін игі шаралардың бірі. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қиямет боларын біліп тұрсаң да қолыңдағы бір түп ағашты отырғызып қал», – деп өсиет еткені баршамызға аян. Сенбілік барысында өкіл имам жастарға тазалықтың және тал егудің сауабы жайында уағыз айтып, бақ өкілдеріне сұхбат берді.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2014
2989
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру