Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағатпен жұмыла жасалған жұмыс (ФОТО

21.04.2014 4016 0 пікір

Көпшілікте береке бар. Қазақ халқының салт-дәстүрінде «асар» деген әдемі ұғым бар. Асар – жұртпен жұмыла жасалған жұмыс. Жуырда Алматыдағы «Орбита» мешітінің жамағаты асар жасады. Сауапты іске себепші болды. Мешіт жамағаты Бостандық ауданына қарасты мекенде (Жандосов пен Розыбақиев көшелерінің қиылысы) Алла үйінің бой көтеруіне қолдан келгенше көмектесті. «Орбита» мешітінің наиб имамдары – Асқар Мұқанов пен Мұхтар Сейітовтер бастаған топ мешітке қажетті құрылыс заттарын діттеген орындарға тасып, тазалық сенбілігін өткізді. Жамағатқа ас беріліп, ізгі іс-шара мешіт тұрғызудың сауабы жайлы ғибратты сұхбатқа ұласты. Мешіт құрылысын салушылар жамағаттың мұндай игі іске ортақ болғанына алғыстарын білдіріп жатты.  

«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру