Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тал егіп көркейтейік жерімізді

21.04.2014 4114 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша көктем шыққалы Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері мен имамдары, мешіт шәкірттері мен мешіт жамағаттары әр сенбі сайын ұйымдастырылған сенбіліктерге қатысып, мешіттер мен медресе аулаларымен қоса жергілікті әкімдіктерден белгіленіп берілген аумақтарға да жаппай тазалық жасау жұмысына белсене қатысуда.

Өткен сенбі күні  Павлодар облысы көлемінде «Имандылыққа ұйытып елімізді, тал егіп көркейтейік жерімізді» тақырыбында   ұйымдастырылған сенбілікте алдыңғы апталарда жасалып келе жатқан тазалық жұмыстарын одан әрі жалғастырылды. Бұл күні көшелер мен аулалар тазаланып, қоқыстар шығарылып, көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, қаладағы көп қабатты үйлердің  подъездері мен аулаларында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Көп болып жұмылып, балалар ойнайтын алаңдарды, орындықтарды қалпына келтіріп, жас көшеттер отырғызылды. Сондай-ақ, ауыл, аудан, қалаларға қарасты барлық зияраттар да тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала, аудан орталықтарына кіретін күре жолдың бойлары қоқыс-қалдықтардан тазартылды. Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, қалалық «Ақмешіт» мешіті, Ақсу, Екібастұз, Ертіс, Қашыр, Шарбақты, Лебяжі ауданы мешіттерінен келген мәліметтер бойынша бұл күні мешіт имамдарының ұйымдастыруымен 90 түп терек, 40 түп қарағай, 45 түп әртүрлі жеміс-жидек ағаштары отырғызылған.

 Павлодар облысы бойынша12 сәуір мен 12 мамыр аралығы тазалық айлығы деп белгіленіп, осы уақыт аралығында аймақ көлемінде 50 мыңға жуық көшет отырғызылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілмек. Бұл игі іске имамдардың ұйымдастыруымен атсалысып жатқан жамағаттардың үлесі көп.

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру