Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 19-шы сәуір күні Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауыл тұрғындарымен мәдениет үйінде кездесті. Кездесудің мақсаты діни сұхбат еді. Кездесу барысында өкіл имам тұшымды уағыз айтып, иман мен үлкен күнәлар жайында түсіндірді. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлері дінге қайшы келмейтінін, керісінше діннен бастау алатынын тілге тиек ете отырып, «Дін мен дәстүр» кітабын таныстырып өтті. Уағыз соңында тұрғындар тарпынан қойылған сауалдарға жауап беріп, мешіт салу мәселесін көтерді. Аталмыш ауылдан мешіт тұрғызуға тұрғындар атсалысатын болып тарқасты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.04.2014
3462
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру