Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында аға оқытушы Сайлау Сүлейменовтың ұйымдастыруымен «Дін – ынтымақтастық пен бірліктің кепілі» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференцияға Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, қалалық мешіттің найб имамы Бейімбет Дүйсенәлі, Жайық диструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының төрағасы Азамат Талғатұлы, теолог исламтанушы Арман Нұрахметұлы қатысты.
Конференция шымылдығын Батыс Қазақстан гуманитарлық институтының ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профессор Мұрат Бөкенбайұлы ашты.
Алдымен Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының 1 курс студенттері дайындаған баяндамалар тыңдалды. Атап айтсақ «тарих» мамандығының 1 курс студенттері А.Жауынбаевтың «Еліміздің діни ағымдар мен секталар, олардың жастар тәрбиесіне әсері», Г.Тілесованың «Мұхаммед пайғамбар хадистері және оның тәрбиелік мәні», А.Ғайноллаеваның «Мәуліт мейрамы-мейрамдардың төресі», Б.Демеутовтың «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы», Д.Васильевтың «Құран Кәрім», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті А.Елеусінованың «Орал мешіттері», «Құқық және экономикалық негіздері» мамандығының студенті А.Қатимованың «Ислам дініндегі әйел мәселесі», «Педагогика және психология» мамандығының студенті А.Мұханғалиеваның «Ислам діні-ынтымақ діні», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері К.Балтабаеваның «Мұсылманның бес парызының бірі-қажылыққа қойылатын негізгі талаптары», Г.Зарифованың «Біз жиһат туралы не білеміз» атты баяндамаларының ғылыми жетекшісі аға оқытушы Сайлау Сүлейменов. Оқылған баяндамалар келген қонақтардың көңілінен шықты. Конференцияда сөз алған Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Нұрмаханұлы: Осындай конференцияны ұйымдастырған БҚГА-ның аға оқытушы Сайлау Хамитұлына өз ризашығын білдіріп, аз уақыттың ішінде бірнеше тақырыпты қамтып, студенттердің өздері дайындаған баяндамалары да жүректен шығып, баршамызға ой салатындай үлкен әсер береді. Мұндай игі іс жастар арасында көп болса нұр үстіне нұр болатындығын жеткізді. Теолог исламтанушы Арман Нұрахметұлы да өзімнің білім алған ордамнан дәріс алып жатқандай күй кештім. Осындай білімді шәкірттердің оқыған баяндамалары нақты, сауатты, ғибратты әңгімелерімен өрбігендігін айтты. Жайық диструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының төрағасы Азамат Талғатұлы қатысқан студенттерге алғысын жеткізіп, мақтау қағаздарын табыс етті.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.04.2014
3629
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру