ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша 19 сәуір күні Облыстық медициналық-әлеуметтік үлгідегі қарттар үйінде тал егіп, ағаш түптері отырғызылды.
Аталмыш іс-шараға облыстық орталық мешіті, қалалық мешіті, Тулбаев Мухаммед-Гариф мешіті мен «Орал» медресеміздің ұстаздары қатысты. Ислам діні бойынша тазалықтың адам өмірінде алар орны ерекше. Күнделікті асымыздың таза болуы, тұрғылықты жеріміздің тазалығы, бойымыздың тазалығы, киім тазалығы, қоршаған ортамызды таза сақтауымыз, жүректің ақтығы, ниеттің тазалығы, тапқан табыстың адалдығы – бәрі де салауатты өмір салты мен баянды тіршіліктің негізін құрайды. Осыған орай, «Имандылыққа ұйытып елімізді, тал егіп, көркейтейік жерімізді» – деген атпен акция өткізді. Қарттар үйінің жанындағы саябақты тазалап, жеміс ағаштары отырғызылып, топырақтары қопсытылды, теректің түптері ақталды. Осындай игілікті істер әлі де жалғасын таба бермек.
Ержан Жұмағожа
«Орал» медресесінің оқу ісі
бойынша директор орынбасары
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.04.2014
3512
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру