Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жыл имамдары шипажайдан оралды

18.04.2014 6519 0 пікір

Жыл бойы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) салған сара жолмен, асыл дініміз Ислам дінінің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып, аянбай қызмет етіп жүрген имамдарымыз Сыр өңірінде өте көп.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде имамдардың жыл соңындағы есеп беру жиналысында, дін үшін жасаған қызметтері әрбір бағыт бойынша сарапқа салынып, Өкіл имам Талғат Омаров және мешіт ұжымымен бірге жіті тексерілді. Қорытындысы қаламыздығы Нартай Бекежанов драма театрында өткен «Мәуліт мүбарак болсын!» атты кеште жарияланды. «Үздік жыл имамы» болып Қазалы ауданы «Жаңқожа батыр» мешітінің бас имамы Қайрат Дәуіржанұлы, ал Қызылорда қаласында Тасбөгет кенті «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Садықов Жеңіс «Үздік жыл имамы»  болып марапатталды. Үздік жыл имамдарына отбасымен бірге Шымкент қаласы «Біркөлік» шипажайына демалуға жолдама берілді.

Бүгінде үздік жыл имамдары жанұяларымен бірге шипажайдан оралды.

Қазалы ауданы «Жаңқожа батыр» мешітінің бас имамы, «Үздік жыл имамы» Қайрат Дәуіржанұлы:

«Алла тағала дін жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарға күш-қуат, жігер берсін. Осылайша еңбегімізді елеп жатқан Өкіл имам Талғат ағамызға денсаулық тілеп, имамдарды әрқашанда біліктілікке, сауаттылыққа жетелеп биік белестерден көріне беруіне  Жаратушы нәсіп еткей деп рахмет айтамыз. Отбасымызбен бірге шипажайда ем қабылдап, жақсы демалдық».

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігі баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру