Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде "Қызылжар" орталық мешітінің және облыстық қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен игі шара өткізілді.
Облыстық қажылар қауымдастығы төрағасы Берік қажы Мұқышевтың және жақсылыққа жаны құмар Ильяс Бекішевтің көрсеткен көмегінің арқасында өңіріміздің қарттар үйінің қариялары үшін мешіт асханасында ақ дастархан жайылып, ас берілді. Ең алдымен қарияларымызды мешіт ішімен таныстырып, наиб имам Қасымхан Исаев уағыз айтты. Осыдан кейін қонақтар дастархан басында жайғасып, ыстық ықыласпен әзірленген дәмнен ауыз тиді. Астан кейін қариялар, қажылар мен мешіт ұжымы дәстүрлі ән өнерін дәріптеп жүрген өңіріміздің өнерлі жігіті, әнші Біржан Есжановтың Н.Погодин атындағы облыстық драма театрында өткен «Асыл мұра - әсем ән» атты жеке концертін тамашалады.
Көңілдеріне қуаныш сыйлаған күн үшін қариялар өз алғыстарын білдірді. Бұл игі шараға өз үлесін қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын! Жүректері мейірім мен қамқорлыққа толы иманды жандар көп болсын!
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.04.2014
3937
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру