ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жамағатқа семинар (тренинг) басталды. Семинарға 3 күннің ішінде 50-ден астам шәкірт жазылды. Жас ерекшеліктерінде шектеу қойылмаған. Бүгінде Фиқһ, Ақида, Құран Кәрім және Тәжуид, Мұсылманның сипаты, Пайғамбарлардың өмір баяны бойынша берілуде.
Бір ай семинарға қатысып, білімін жетілдірген жамағаттарға арнайы оқығандығы жөнінде сертификат беріледі. Бұл халқымыздың дін жағынан кеңінен білімдар болып жүрулеріне әрі кері тартпа ағымдардың үгітіне еріп кетпеулеріне көп септігін тигізетін семинар болмақ.
Семинар күнделікті өткізеледі. Семинарда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Гаджиев Мұхтар дәріс жүргізеді.
Дініміз исламда білім алудың артықшылықтары өте көп. Оған дәлел Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінін түсіндіріп қояды» - дейді. Осы хадистің көрінісі ретінде күн сайын артып жатқан білімге құштар мешіт жамағаты болмақ. Құлшылықтарымызды орындаумен қатар білімімізді жетілдіре түссек Ислам дінінің гүлденуіне үлес қосарымыз анық.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.04.2014
3964
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру