Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ізгілік иірімдері (ФОТО)

17.04.2014 3436 0 пікір

Мешіттің көмегі

 

Апат айтып келмейді. Табиғаттың төтеннен болған апаты атбасарлықтарды да сырт айналып кетпеді. Аудан орталығы – Атбасар қаласының 500-ден астам тұрғын үй су тасқынынан зардап шекті. Қазір барша жұртшылық жапа шеккен тұрғындарға қолдау-көмегін көрсетіп жатыр.

Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешіті және облыстың қала, аудан мешіттері мен «Зекет» корпоративтік қорының  ұйымдастыруымен су тасқыны салдарынан зардап шегіп, үйсіз-күйсіз қалған жандарға азық-түлік салынған 200-ге тарта пакет таратылды.

Сонымен бірге, су тасқынынан қағажу көргендерге арнап Атбасар аудандық мешіті дастархан жайып, қайырымдылық ас берді. Бұл жолы аудандық мешіттің асханасында 200-ге тарта адам ыстық тамақ ішіп, көңілдері жайланды. Мұндай қайырымдылық шарадан ешкім сырт қалмай, қал-қадірінше көмек көрсету әрбір мұсылман адамның басты парызы саналмақ.

Найб имам Темірбек Бекмағамбетовтың айтуынша мұндай көмек алдағы уақытта да жалғасатын болады. Өйткені,  қасиетті дінімізде жапа шеккенге қамқорлық жасап, қол ұшын ұсыну имани істердің біріне жатады. Мұндай ізгілік көңіліне қаяу түскен жандарды бір сергітетіні анық.

Бақыт СМАҒҰЛ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру