16 сәуірде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы мешіт жанындағы «Діни сауат ашу» орталығында» болып, ондағы оқып жатқан 2-ші топ имам-молдалармен сұхбаттасты. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі айдан астам уақыт бұрын аудандардың 1 топ имам-молдаларын оқытып, сертификат табысталған еді. Жуырда келген дәріс алушы дін қызметкерлеріне өкіл имам жалпы білімнің маңыздылығын, ондағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін келтіріп, осы екі ай курста жақсы дәрежеде білім алып шығуға тілегінде білдірді. Оларға қазіргі күні білікті теолог мамандар, наиб имамдар дәріс беріп келеді. «Діни сауат ашу орталығы» батыс өңіріндегі діни ахуалдың келеңсіздіктерін алдын алуда, сондай-ақ жергілікті мешіт имамдарының сауаттылығын арттыру арқылы халықтың діни салада көзін ашып, көкірегін оята түсу мақсатында жұмыс жасауда.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.04.2014
3582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру