Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің ұйымдастыруымен «Дидар» телеарнасының пресс клубында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мне дәстүр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шараға қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінен, БАҚ өкілдері және ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешітінің өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Өкіл имам жаңа туындының ерекшелігін және бүгінгі оқырман талабына толық жауап беретінін айта кетті. Дөңгелек үстел барысында қонақтар дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті. Келешекте мектеп кітапханаларында да орын алса деген ұсыныстарын жасады
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптарының дәстүрлі дінімізбен үйлесімді дамуы, Ислам дініндегі адамгершілік, имани құндылықтарымызды насихаттайтын еңбектің бірі деп айтсақ артық айтқандық болмас.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.04.2014
3209
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру